Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда үйден кетіп қалған 14 жастағы жасөпірім қыз табылды

Таразда үйден кетіп қалған 14 жастағы жасөпірім қыз табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 17:30-да Тараз қаласының Полиция басқармасы 2-полиция бөлімінің кезекші бөліміне облыс орталығының 34 жастағы жергілікті тұрғыны хабарласып, сағат 14:00-де оның 14 жастағы қызы хабар-ошарсыз кеткенін айтып жүгінген. Әйелдің айтуынша, кәмелетке толмаған жасөспірім қыз дүкенге кетіп, қайта оралмаған. Хабарламаны алған полицейлер толық құрамда көрсетілген мекен-жайға жол тартты.

Тәртіп сақшылары қыз бара алатын жақын маңдағы аумақтарды аралап, қажетті іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жасөспірім қызды іздеуге еріктілер мен жанашыр тұрғындар қосылды. Полиция қызметкерлері қабылдаған жедел іс-шаралар нәтижесінде жоғалған қыз Тараз қаласындағы көшелердің бірінен табылды. Белгілі болғандай, ол анасымен ұрысып, өкпе-реніш негізінде үйден кеткен. Өз кезегінде, ата-ана қызын аман-есен тапқан полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді.

– Айта кетерлігі, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың бес айының қорытындысы бойынша 82 жасөспірім үйінен кеткен, 10 дерек бойынша олардың ұзақ уақыт болмауына байланысты іздеу жұмыстары жүргізілген. Олардың үйден кету себептері әртүрлі, оның ішінде ата-аналармен жанжалдасуына байланысты кетудің – 16 дерегі, ата-ананың бақылауынсыз қыдырудың – 16 дерегі және басқа себептермен байланысты – 50 дерек: адасып кету, ұзақ уақыт қыдыру немесе ата-анасына айтпай жақын туыстарына кетіп қалу. Барлық жасөспірімдер табылып, үйлеріне қайтарылды, оларды заңсыз ортаға тарту деректері анықталған жоқ, – деді ПД ЖПҚБ бастығы Рахымберді Әшкеев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру