Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда Ұлттық ұлан әскери қызметшілері тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолын кесті

Таразда Ұлттық ұлан әскери қызметшілері тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласындағы түзеу мекемелерінің бірінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері заңға қайшы әрекетті дер кезінде анықтап, режимдік нысан аумағына тыйым салынған затты өткізудің жолын кесті.

Қысқа мерзімді кездесу кезінде сәлемдемені тексеру барысында – жеткізу мен кездесулерді бақылау бөлмесінде (ЖКБ) – кезекшілік атқарып жүрген Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мен Қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) қызметкерлері бірлесіп, ылғал майлықтардың қаптамасына жасырылған бір ұялы телефон мен екі USB зарядтау сымын тауып, тәркіледі.

Аталған сәлемдемені сотталған азаматпен кездесуге келген тұрғын беруге тырысқан. Қазіргі уақытта бұл азаматқа қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қарастырылуда, ал тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

Айта кету керек, ҚР ІІМ Ұлттық ұланына жүктелген маңызды міндеттердің бірі — қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру