Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда үш сотталған азамат құжаттандырылды

Таразда үш сотталған азамат құжаттандырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласындағы Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші үш азаматқа әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсетіліп, олардың құжаттану мәселесі оң шешімін тапты.

Мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері өзге де жауапты мамандармен бірлесе отырып, 50, 47 және 24 жастағы азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеуге көмектесті. Аталған тұлғалар түрлі себептерге байланысты осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы азаматы екенін растайтын құжатсыз жүрген.

Қазіргі таңда бұл мәселе түбегейлі шешіліп, азаматтар қажетті төлқұжаттарына қол жеткізді.

Құқық қорғау органдары қазіргі таңда азаматтық мәртебесі реттелмеген тұлғаларды анықтап, құжаттандыру және Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарын рәсімдеу бағытында кешенді іс-шараларды жалғастыруда. Бұл жұмыстар сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне және құқықтық мәртебесін заңдастыруына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру