Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда үздік учаскелік инспекторлар анықталды

Таразда үздік учаскелік инспекторлар анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласында учаскелік полиция инспекторлары арасында кәсіби шеберлікті бағалауға арналған "Үздік учаскелік полиция инспекторы" байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алуда, қоғамдық тәртіпті сақтауда және тұрғындармен тиімді қарым-қатынас орнатуда үздік нәтижеге қол жеткізген инспекторларды анықтап, олардың кәсіби деңгейін көтеру.

Сайысқа қалалық бөлімдерден іріктелген 21 учаскелік инспектор қатысты. Қатысушылар ату даярлығы, кәсіби тестілеу, физикалық дайындық бойынша сынға түсті.

Әр кезеңді қатысушылардың теориялық білім деңгейі мен физикалық даярлығы жан-жақты тексерілді. Байқау нәтижесі үш кезеңде жинаған баллдардың жиынтығы бойынша анықталды.

Нәтижесінде барлық сыннан сүрінбей өткен полицейлер - Нұрсұлтан Әжібеков, Мақсат Көбетай,  Ермек Төкей, Рүстем Жарылқапов, Қайрат Имашев, Эльмира Байниязова үздік деп танылды.

— Мұндай байқаулар учаскелік инспекторлардың кәсіби шеберлігін арттырып, олардың қызметіне деген жауапкершілікті күшейтеді. Бұл шара алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өткізілетін болады,- дейді Тараз қаласы ПБ бастығының орынбасары Данияр Азимов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру