Таразда жазасын өтеушілерге психологиялық көмек көрсетілді
Таразда жазасын өтеушілерге психологиялық көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінің психологы Айгерім Саурбаева сотты болған азаматтарға жоспарға сай психологиялық көмек берудің арнайы іс-шарасын ұйымдастыруда.
Мәселен, жуырда ғана аталған түзеу мекемесіне М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Әлеуметтік психология кафедрасының аға оқытушысы А.Абдрахманова келіп, жазасын өтеушілермен жан-жақты пікір алмасты. Сондай-ақ ол жүздесу барысында өзін-өзі дамытудың маңыздылығына тоқталып, түзеу мекемесінен тыс жаңа өмір бастау үшін дағдыларды қалыптастыру жөнінде әңгіме өрбітті.
Кездесу соңында сотталған азаматтар өздеріне психологиялық ақыл-кеңес берген маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды.