Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда ЖҚЕ бұзған жүргізушілер cыртқы бақылау камераларына түсіп қалды

Таразда ЖҚЕ бұзған жүргізушілер cыртқы бақылау камераларына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының сыртқы бақылау камералары автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркеді.Полиция қызметкерлері Audi, ВАЗ және Toyota маркалы автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркеді, олар бұрылған кезде қос тұтас сызықты кесіп өткен. Ереже бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (Егер жол жүру ережелерінде тыйым салынған, оның ішінде бұрылыспен немесе бұрылыспен ұштасқан жағдайларда жолдың жүру бөлігінің қарсы жүруге арналған жағына шығу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Осы құқық бұзушылықты жасау алты ай мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

Volkswagen, ВАЗ және Volkswagen Golf маркалы көлік құралдарының жүргізушілері жолда жаяу жүргіншілерге басымдық бермегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы 1-бөлігімен (Жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына қозғалыс кезінде басымдық бермеу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп бұзушылар он айлық есептік көрсеткіш (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді.

ВАЗ 21144 және BMW маркалы көлік құралдарының жүргізушілері алдыңғы-бүйірлік терезелері қараңғыланған көліктерді басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп бұзушылар бес айлық есептік көрсеткіш (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейтін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру