Тараздың жастары жамбылдық полицейлерге алғыс білдірді
Тараздың жастары жамбылдық полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алғыс айту күні Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің атына Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ өкілдерінен және облыс орталығының белсенді жастарынан бейнеүндеу келіп түсті.
Қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов облыс полиция қызметкерлеріне жемісті әрекеттестігі, нашақорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырып, жастардың бойында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
– Бірлескен күш-жігермен біз әрі қарай да қатысушыларды көбірек қамти отырып, тыйым салынған заттардың таралуының алдын алу бойынша іс-шараларды жүргізетін боламыз. Тараз жастары есірткісіз жарқын болашақты таңдайды, – деп атап өтті Абзал Есіркепов.