Тараздық әйел алаяқты ұстаған сақшыларға алғыс айтты
Тараздық әйел алаяқты ұстаған сақшыларға алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің атына Тараз қаласының 41 жастағы тұрғынынан полиция қызметкерлеріне алғыс білдірген хат келіп түсті. Хатта ол Тараз қалалық Полиция басқармасының бірінші полиция бөлімінің қызметкерлеріне оның атынан несие рәсімдеген күдіктіні анықтап, құрықтағаны үшін алғыс білдірген.
Анықталғандай, белгісіз азамат алаяқтық жолмен әйелдің атына 2 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген.
– Менің арызымнан соң бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқты жедел түрде тауып, ұстап әкелді. Маған келтірілген шығынды толығымен өтеп бергізді, – деп жазған азаматша.
Ол полиция қызметкерлеріне денсаулық, отбасыларына амандық және қызметтеріне табыс тіледі.