Тараздық әйел көршісінің үйінен жеке заттарын қолды қылды
Таразда ұрлық жасады деген күдікпен көршісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде полицияға облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны қонаққа келген досының парфюмын мен мойнына тағатын алтын алқасын ұрлап кеткені туралы шағымданған. Келтірілген залалдың жалпы көлемі шамамен 80 мың теңгені құрайды.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері жәбірленушінің 54 жастағы көршісін анықтап, ұстады.
Заттай алынған дәлелдемелер алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.