Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер 1,5 млн теңгенің ұрлық дерегін ашты

Тараздық полицейлер 1,5 млн теңгенің ұрлық дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 3 қарашасында «102» арнасына 57 жастағы жергілікті тұрғын хабарласқан. Әйел сағат 9:30-дан 13:00-ге дейін үйде болмағанын және осы уақытта ұрлық дерегінің орын алғанын айтты.

Белгісіз адам жатын бөлмесіндегі шкафтан 120 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын және алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Жалпы шығын 1 410 000 теңгені құрады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Ер адам кінәсін толық мойындады, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру