Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер бірнеше көлікке ұрлыққа түскен қала тұрғынын ұстады

Тараздық полицейлер бірнеше көлікке ұрлыққа түскен қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері автокөліктерден ұрлық жасаған Тараз қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады.

Полицияға облыс орталығының 27 және 28 жастағы екі тұрғыны хабарласып, қаланың шағын аудандарының бірінде белгісіз біреулер көліктің әйнегін ашу арқылы үйдің ауласына қойылған көліктерден жеке заттары мен магнитоланы ұрлап кеткендігі туралы арызданған.

Жалпы келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгеден асады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары облыс орталығының тұрғынын анықтап, ұстады.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға автокөліктерін күзетілетін көлік тұрақтары мен объектілерде (тұрақтарда) немесе гараж бокстарында қалдыру қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру