Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер бірнеше рет ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді

Тараздық полицейлер бірнеше рет ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің «102» пультіне Тараз қаласының тұрғыны хабарласып, үйінен 400 мың теңге көлеміндегі алтын бұйымдардың ұрланғаны туралы шағымданған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 118-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тараз қаласының Полиция басқармасы 2- полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 44 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Алтын бұйымдар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Ер адам велосипед, құрылыс және электр құралдарын ұрлаған деген тағы бес ұрлық дерегі бойынша күдікке ілініп отыр. Қазіргі кезде оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру