Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер кассалық аппараттарды ұрлау дерегін ашты

Тараздық полицейлер кассалық аппараттарды ұрлау дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен автокөліктен ұрлық жасаған облыс орталығының 18 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тексеру барысында ұрлық мөлтекаудандағы тұрғын үйдің жанында болғаны анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаскүнем көліктің ішіне кіріп, «Каспий» банкінің үш кассалық аппаратын жасырын ұрлап кеткен. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрының құрбаны болған басқа тұлғаларды анықтау үшін бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Криминалдық полиция басқармасы азаматтарға қырағы болуға, автокөлік салонында қаскүнемдердің назарын аударуы мүмкін бағалы заттарды қалдырмауға кеңес береді. Автокөліктерді күзет сигнализациясы жүйесімен жабдықтау немесе күзетілетін тұрақта қою қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру