Тараздық полицейлер көлік ұрысын «ізін суытпай» ұстады
Тараздық полицейлер көлік ұрысын «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, үйінің ауласында тұрған BMW маркалы автокөлігін белгісіз адамның ұрлап кеткені жөнінде шағымданған.
Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығы бейнебақылау камераларының көмегімен іздестіріліп жатқан машинаның қозғалыс бағыты мен орналасқан жері анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде Тараз қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау/айдап әкету мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ұсталған күдікті кінәсін мойындады, тергеу амалдары жалғасуда.