Тараздық полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды
Тараздық полицейлер көпірден секірмек болған 22 жастағы қызды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласының Полиция басқармасының Патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне 15 қарашада шамамен 03:00-де Жедел басқару орталығынан көпір үстінде әйелдің секіруге дайын тұрғандығы жайлы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына жақын жерде болған патрульдік полиция қызметкерлері көпір үстіне тез арада жетіп, қызбен сөйлесіп, оны райынан қайтарып, құтқарып алған.
22 жастағы қала тұрғыны Тараз қалалық Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының Айдын Абдрахманов және Рауан Мирибилдаевпен басқармаға жеткізілді.
Қыз өзінің күйзелісте болғандықтан, суицидке барғаны жайлы айтқан. Онымен профилактикалық жұмыс жүргізіліп, қазіргі таңда психологтармен бірлескен жұмыстар жасалуда.