Тараздық полицейлер оқушыларға арналған дәрістер өткізуде
Тараздық полицейлер оқушыларға арналған дәрістер өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар психологтармен бірлесіп, күн сайын оқу орындарының оқушылары үшін «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында профилактикалық дәрістер өткізуде.
Ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері балаларға құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны туралы айтып, жол қозғалысы ережелерінің негізгі ережелерін еске салады, есірткі құралдарын және адам денсаулығына қауіпті басқа да заттарды тұтынудың зияны туралы хабарлайды. Адамдар көп жиналатын жерлерде жүріс-тұрыс ережелеріне ерекше назар аударылады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.