Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер смартфон ұрлығын ашты

Тараздық полицейлер смартфон ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 10 мамырында сағат 16:50-де полицияға облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны хабарласып, ұялы телефондар мен аксессуарлар сататын дүкеннің сөресінен белгісіз біреу жалпы құны 150 мың теңге тұратын «Samsung» және «Iphone» маркалы екі ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтып шағымданған.

– Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тәртіп сақшылары ізін суытпай Тараз қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, ұялы телефондар тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасуда, – деді Жамбыл облысының ПД Криминалдық ПБ-ның бастығы Ардақ Мәдімаров

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру