Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер тонаушыны «ізін суытпай» қолға түсірді

Тараздық полицейлер тонаушыны «ізін суытпай» қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы Полиция басқармасының бірінші полиция бөліміне облыс орталығының тұрғынынан хат келіп түсті.

Әйелдің айтуынша, белгісіз ер адам өз телефонының қуаттағышы таусылып қалғанын айтып, оның кәмелетке толмаған ұлының телефонын жақсы көретін қызына қоңырау шалу желеуімен сұрап алған, осылайша қолына телефонды алған бойда белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Осы дерекке қатысты полиция қызметкерлері 28 жастағы Тараз қаласының тұрғынын «ізін суытпай» қолға түсірді.

Күдікті өз қылмыстық әрекетін мойындап, осыған дейін де ұқсас қылмыстар жасағанын хабарлады. Телефон тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің191-бабы 3-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру