Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер түзеу мекемесінің аумағына есірткі лақтырған ер адамды ұстады

Тараздық полицейлер түзеу мекемесінің аумағына есірткі лақтырған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және УЖД 158/7 түзеу мекемесіндегі әріптестерімен бірлесіп, есірткі құралдарын УЖД 158/7 түзеу мекемесінің аумағына лақтырған адамды ұстау бойынша операция өткізді. 

https://youtu.be/Bbk-HXG3XBAТаңертең колонияның негізгі қоршауы маңында болған белгісіз ер адам мекеме аумағына есірткі салынған металл контейнерді лақтырған. Ұсталған азамат Тараз қаласының 51 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

– Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 297 – бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, одан әрі тергеу іс-шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру