Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер үй ұрысын «ізін суытпай» ұстады

Тараздық полицейлер үй ұрысын «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Тараз қаласының 55 жастағы тұрғыны күндізгі уақытта белгісіз біреу сыртқы есікті бұзып, үйге кіріп, ақшасын, азық-түлік пен велосипедті жасырын ұрлап кеткенін айтып шағымданған.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тергеу барысында жәбірленуші ұрлықтың үй иелері жұмыста болған кезде және үйде ешкім болмаған кезде болғанын түсіндірді.

Осыған қатысты криминалдық полиция қызметкерлері облыс орталығының 41 жастағы тұрғынын «ізін суытпай» ұстады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру