Тараздық полицейлер ұрлық жасаған Шымкент қаласының тұрғынын ұстады
Тараздық полицейлер ұрлық жасаған Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Тараз қаласының 48 жастағы тұрғыны полицияға хабарласқан, белгісіз адам түнгі уақытта үйдің ауласына заңсыз кіріп, 50 мың теңге көлеміндегі автобөлшектерді жасырын ұрлап кеткен.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Шымкент қаласының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Тергеу барысында ұсталған азаматтың бұрын облыс орталығындағы жекеменшік үйлердің бірінде құны 250 мың теңге тұратын велосипед ұрлағаны анықталды.
Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.