Тараздық тәртіп сақшылары жоғалған 3 баланы тапты
Тараздық тәртіп сақшылары жоғалған 3 баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері апта беркімен бері үйден өз еркімен шығып кеткен 3, 5 және 12 жастағы үш баланы тапты.
Мысалы, 8 сәуірде полицияға облыс орталығының екі тұрғыны жүгінген. Әйелдер 5 және 3 жастағы ұлдарының үйден шығып кетіп, оралмағаны туралы хабарлады. Шығып кеткен ұлдар бір-бірімен көрші тұрған. Үйден кетер алдында жанжалдар мен қақтығыстар болмаған, олардың кетіп қалуына не себеп болғаны отбасы мүшелері мен туыстарына белгісіз. Ата-аналары балаларды бірге кетті деп ойлаған.
Балаларды іздеуге Тараз қаласы Полиция басқармасының барлық жеке құрамы, сондай-ақ еріктілер мен мөлтек ауданның тұрғындары қосылды.
Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде балалардың орналасқан жері анықталды, олар аман-есен, өмірлеріне ешқандай қауіп төнбеген. Балалар әртүрлі уақытта және қаланың әр жерінен табылды.
Алдын-ала берілген сауалнамаға сәйкес, 5 жасар бала ажырасып кеткен әкесінің туыстарына баруды шешкен, ал бұл туралы анасына ескертпеген. Ал 3 жасар бала серуеннен кейін үйіне оралғанда, есіктің құлыптаулы екенін көрген. Кіре алмай тұрған баланы байқаған көршісі оны ата-анасы келгенге дейін үйіне паналатқан және анасы баласын таппай, полицияға хабарласады деп күдіктенбеген.
Үшінші оқиға 11 сәуірде келіп түсті, ата-ана тұрмыстық мәселелерге қатысты 12 жастағы ұлымен жанжалдасып қалғанын, содан кейін ол үйден шығып кетіп, оралмағанын хабарлады. Кейінірек еріктілер мен полиция қызметкерлерінің көмегімен жасөспірім аман-есен Тараз қаласының саябағынан табылды.
Барлық ата-аналармен және балалармен полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме жүргізді.
– Ата-аналарды және өзге де заңды өкілдерді өз тараптарынан балаларының мінез-құлқына және кіммен дос, жолдас боп жүргеніне баса көңіл аударулары тиіс екенін айтқымыз келеді. Баланы не мазалайтынын білудің ең жақсы тәсілдерінің бірі ашық және шынайы әңгімелесудің маңызы зор. Сіздің немқұрайдылығыңыз олар үшін қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін, – деді облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.