Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп бұзушы назардан тыс қалмайды

Құлсарыда жедел басқару орталығы орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Жылыой ауданының орталығы- Құлсары қаласында облыс әкімдігінің қолдауымен жаңа заманауи талаптарға сай жедел басқару орталығы пайдалануға беріледі.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Асылбек Джаумбаевтың мәлімдеуінше, «ARKAN Security Solutions» ЖШС келісімшарттық міндеттемелері аясында 100 бейнебақылау камераларын және оған сәйкес жабдықтарды орнату жұмыстарын жүргізді.

Асылбек Бүркітұлының айтуынша, аудан орталығынан шығатын жолдарда өтіп бара жатқан автокөлікті тіркеу процестерін автоматтандыру үшін үш «Рубеж» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылған. Олар Құстары қаласы жол-көлік желісінің келесі учаскелерінде,
– «Теңіз» вахталық қалашығы бағытында, екінші өткелдің тұсында ;
– Атырау қаласына қарай Е 121 республикалық тас жолы бойымен, Құлсары елді мекенінің жол белгісі тұсында,
– және Ақтау қаласына қарай шығу кезінде, А33 республикалық тас жолы маңайындағы айналма жолында орналасқан.

Бұдан басқа, Құлсары қаласы аумағында жылдамдықты өлшейтін бес «КордонМ» жылдамдық өлшегіш құрылғылары, атап айтқанда,
№№48 және 20 үйлер аумағынында, сондай-ақ М.Өтемісов даңғылындағы «Pizart» баспаханасы, Тайманов көшесіндегі «Али» дүкенінің жанындағы №245 үйдің жанында және Надиров көшесіндегі №44 үйдің жанында орнатылды.

 17 тамызда мердігерлер ҚР Бас прокуратурасының әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне  тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша ақпаратты беретін бұл аппараттық-бағдарламалық кешендерді іске қосуды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы Жедел басқару орталығы «Қазақстанның шағын қалаларында жедел басқару орталықтарын құру» жөніндегі республикалық жобаны іске асыру аясында ашылғалы отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру