Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшылары Абай өсиетінен тәлім алды

Павлодар облысы Май ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұлы ойшыл, қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған тәрбиелік іс-шараға қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны аудандық кітапхана ұжымы ұйымдастырып, қатысушыларға рухани бай, мазмұнды бағдарлама ұсынды. Жиналған қауым Абай өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көрмені тамашалап, оның ғибратты сөздеріне терең үңілді.

Полиция қызметкерлері де көрмеге белсене қатысып, Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық викторинада білімдерін сынап, өз ой-өресін шыңдады.

Мұндай тағылымды кездесулер – рухани кемелдікке бастар жол. Абайдың мұрасы – өткеннің ғана емес, бүгінгі күн мен болашақ ұрпақтың да темірқазығы. Оның даналығы адамгершілік пен ізгіліктің мәңгілік шамшырағы болып қала береді.

Осындай игі бастамалар қызметкерлердің жан дүниесін байытып, оларды парасаттылық пен руханиятқа жетелейді. Ұлы Абайдың мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа жол тартар мәңгілік қазына.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру