Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшылары балаларға қуаныш сыйлады

Алматы облысы Панфилов ауданының ПБ қызметкерлері Жаңа жыл қарсаңында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ арнайы интернатқа көмек көрсетіп, азық-түлік пен тәтті сыйлықтар жеткізіп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Жаңа жыл – ерекше мереке. Бұл мерекені балалардың асыға күтетіні анық. Жеке құрамның ұсынысы бойынша желтоқсан айының басынан бастап аптасына бір рет игі шара ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Балалардың бақытты, қуанышты жүздерін көру біз үшін үлкен мәртебе. Аталған шараны қолдан келгенше жалғастыруға тырысамыз, – дейді Панфилов ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жандос Кавлиев.

Игі іс-шара аясында Панфилов ауданының тәртіп сақшылары аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, “Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты” коммуналдық мекемесінің 31 тәрбиеленушісіне мерекелік көңіл-күй сыйлады. Оларға азық-түлік пен тәттілер жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру