Тәртіп сақшылары көлігі бұзылып, жолда қалған жүргізушіге көмектесті
Түркістан облысының полицейлері көлігі бұзылып, жолда қалып қойған жүргізушіге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 желтоқсанда Ақсукент қаласының Жібек жолы көшесінде Сайрам ауданының ПБ ЖПҚ патрульдік полиция қызметкерлері жолдың ортасында тұрып қалған шетелдік автокөлікті байқаған.
Жүргізуші көлігін от алдыра алмай қалғандықтан жолда кептеліс пайда болған.
Тәртіп сақшылары Жалғасбек Пиртаев пен Нұрғали Нұрақов жүргізушіге көлікті жолдың шетіне итеріп шығаруға көмектесті.
Көлік иесі Сайрам ауданының ПБ полицейлеріне ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жолда абай болу, жол қозғалысы ережелерін сақтау және ауа райының қолайсыздығы мен көктайғақ кезінде сақ болу қажеттігін ескертеді.