Тәртіп сақшылары көліктен ақша ұрлап, қашып кеткен астаналықты ұстады
Тәртіп сақшылары көліктен ақша ұрлап, қашып кеткен астаналықты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Таңертеңгі уақытта астаналық әйел көлігін көлік жуу орнына бірнеше сағатқа қалдырып, жұмыстары бойынша кетіп қалған. Автокөлік жуылғаннан соң, әйел көлікті алып кеткен, бірақ бірнеше сағаттан кейін ол салонда болған ақшаның жоғалғанын анықтаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері салонға еркін кіріп, ақшаны ұрлап кеткен 28 жастағы жігітті анықтады. Ол өз іс-әрекетінен кейін жұмыс орнынан ескертусіз кетіп қалып, қайта оралмаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылғаны анықталды.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға бағалы заттарды өз көліктерінде қалдырмауға кеңес береді.