Тәртіп сақшылары марапатталды
Қызылорда қаласының әкімі жылды қорытындылап, қызмет атқару барысында ерекшеленген тәртіп сақшыларын марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін қала әкімі Н.Нәлібаев Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында қала әкімі мінсіз қызметімен ерекшеленген басқарманың 30 қызметкерін атап өтіп, алғыс хаттармен марапаттады.
– Ел тыныштығын күзету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету біздің міндетіміз. Полиция қызметкерлерінің еңбегін бағалап, құрмет көрсетіп жатқан қалалық әкімдікке алғысымды білдіремін, – деді марапатталған ҚПБ ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Нұрбек Теңізбай.