Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшылары мұқтаж отбасыны көмірмен қамтамасыз етті

Қостанай облысының полицейлері мұқтаж отбасыны көмірмен қамтамасыз етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арқалық қалалық Полиция басқармасының полицейлері аз қамтылған отбасыны көмірмен қамтамасыз етіп, үш тонна көмір түсіріп берді.

Қала тұрғыны Нұржамал Қашақова үш немересін тәрбиелеп отыр. Биыл оның күйеуі қайтыс болып, осыған байланысты ол қиындықтарға тап болған.

Қиын жағдайға тап болған әйел мектепке барып, көмек сұраған. Оқу орнының өкілдері өз кезегінде полиция қызметкерлерінен көмек сұрады.

Мән-жайды білген тәртіп сақшылары бұл отбасыға материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Жергілікті тұрғын тәртіп сақшыларына көрсеткен қамқорлығы мен жылуы үшін шын жүректен алғыс айтты.

– ІІМ басшылығына, біздің полицейлерге көрсеткен көмегі үшін, біреудің қайғысына немқұрайлы қарамағаны үшін үлкен алғысымды білдіремін, – деді Нұржамал Қашақова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру