Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшылары тоңып қалған ауыл тұрғынына көмектесті

Павлодар облысы Май ауданының тәртіп сақшылары тоңып қалған ауыл тұрғынына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Май ауданында орналасқан тас жолдарды патрульдеу кезінде құрамында Әлібек Андеров пен Нұрлан Әубәкіров бар экипаж жол жиегінде капоты ашылып тұрған ГАЗ автомашинасын байқаған.

Жүргізуші тәртіп сақшыларына көліктің қозғалтқышында ақау бар екенін, оны сол жерде жөндеу мүмкін еместігін түсіндірді. Жүргізушінің айтуынша, ол жүкпен Майтүбек ауылынан Малайсары ауылына бара жатқан. Жүргізушінің тоңып қалғанын байқаған полиция қызметкерлері оны қызметтік көлікке отырғызып, жүк көлігін сүйреп, жақын ауылға жеткізген.

Малайсары ауылының тұрғыны Қажыбек Қазанғапов  полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмектері үшін алғысын білдіріп, табысты қызмет тіледі.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге ұзақ сапар алдында, әсіресе жолаушыларды тасымалдау кезінде мұқият дайындық қажет екендігін, атап айтқанда қозғалтқыштардың, аккумуляторлардың, жарық құралдарының жұмысын, барлық қажетті қосалқы бөлшектер мен құралдардың бар-жоғын тексеруді ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру