Тәртіп сақшылары тың мәліметтермен танысты
Халықаралық музейлер күніне орай Түлкібас аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы Т.Рысқұлов ауылындағы орталық музейге барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер ауданның тарихымен және жәдігерлермен танысты. Музейде ерекше құрметке ие орындардың бірі – қызметтік міндетін орындау кезіндегі қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерліктері туралы сыр шертетін бұрыш. Берген антына адал болған әрбір қызметкердің батылдығы ел тыныштығы үшін жасалған ерлік қадамы өскелең ұрпаққа үлгі болады.
Тәртіп сақшылары қызмет атқару барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің бұрыштамасын көрді. Ішкі істер органдардында көптеген жылдар бойы қызмет етіп, зейнетке шыққан ардагер полиция қызметкерлерінің өмір жолынан хабардар болды. Ерлігі мен батырлығын өскелең ұрпаққа үлгі етер ардагер полицейлер туралы мәліметтерге қанықты.