Тәртіп сақшысы болуды армандайтын шығысқазақстандық балақай полиция жұмысымен танысты
Кішкентай шығысқазақстандық Алеша полицей болуды армандайды. Болашақ тәртіп сақшысы туралы Polisia.kz сайты әңгімелеп береді.
Шығысқазақстандық Алеша Ұлан аудандық полиция бөлімінің бастығына болашақта оны еңбек қызметінде ауыстыруға уәде берді.
Аудандық полиция бөлімінде жеке құрамның ерекше саптық жиыны өтті. Полицейлерге ең кішкентай «тәртіп сақшысы» қонаққа келді.
Алексей Орехов өзінің 7 жасында үлкен арманмен өмір сүреді. Балақайдың асқақ арманы – ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатарында Отан игілігі үшін қызмет ету.
Жас инспектор Алексей Орехов патрульдік полиция қызметкерінің формасын киіп, таяқша мен тапанша түріндегі арнайы құрал-жабдықтарды алып күнде көшеде жүреді. Оның болашақ мамандығына деген құлшынысы мен адалдығына қатарластары ғана емес, үлкендер де тәнті.
Алеша өзінің «қызметтік міндеттері»; туралы мақтанышпен айтады, тіпті ойдан шығарылған қылмыскерлерді ұстайды.
Болашақ әріптестерімен бірге өткізген бір күнінде ол көшелерді патрульдеу кезінде көптеген сұрақтар қойып, патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмысындағы әрбір жағдайға егжей-тегжейлі қызығушылық танытты. Өз кезегінде қызметкерлер онымен алған білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісіп, олардың жұмысының қоғамда қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
Күн аяқталғаннан кейін Алексей Шығыс Қазақстан полициясының тарих мұражайына барып, Ұлан АПБ бастығы Қуаныш Конжановпен әңгімелесіп, ішкі істер органдарына қызметке дайындалуда оқуына көңіл бөліп, спортпен шұғылданып міндетті түрде оның орнын басатыны туралы уәде берді.
Алешаның әкесі жұбайымен бірге ұлын толық қолдайтынын және оның мақсатына жету жолында оған барлық жағынан көмектесуге дайын екенін атап өтті.
Тәртіп сақшылары бұл оқиға Ореховтар отбасы үшін баланың арманымен байланысты нығайтудың тағы бір мүмкіндігі болғанына сенімді және жас инспектор балаға армандар орындалатынын, тек оған жету үшін ұмтылу керек екенін көрсетті.