Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшысы көлігі бұзылған жүргізушіге көмек көрсетті

Ақтау қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкері Талғат Жексембаев көлігі бұзылып, жолда қалған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қаңтарда “Instagram” әлеуметтік желісінде Ақтау қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкері Талғат Жексембаевтың  жұмысқа бара жатқан кезде бұзылған “Нексиа” автокөлігінің жүргізушісінің көлігін алға итеруге тырысып жатқан әрекетін көріп, оған көмектескені жарияланған. Тәртіп сақшысы көмекке келгенге дейін, ер адамға қасынан өткен көліктердің жүргізушілерінің ешқайсысы назар аудармаған.

Талғат өз әрекетін ерекше іс деп санамайды, ішкі істер органдарында 15 жылдан астам уақыт жұмыс істейтін оның практикасында түрлі жағдайлар кездескен.

“Ең бастысы- адам болып қалу”,- дейді ол.

– Көліктердің жолда бұзылуы жиі кездесетін жағдай және маңғыстаулық тәртіп сақшылары әрдайым көмек көрсетуге дайын,- деп атап өтті облыстың бас полицейі Жанарбек Бактыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру