Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшысы "Үздік еңбек адамы" республикалық марапатына ие болды

Тәртіп сақшысы "Үздік еңбек адамы" республикалық марапатына ие болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мақаласындағы идеяларды насихаттауға арналған "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты салтанатты конференция өтті. Іс-шара аясында қоғамның дамуына және мемлекеттік тәуелсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды.

Марапат иелерінің қатарында – Алматы облысының полиция қызметкері Икрамов Мадали Тимурұы бар. Ол "Үздік еңбек адамы" атты жоғары республикалық марапатқа ие болды. Сонымен қатар, I дәрежелі диплом мен естелік медаль табысталды.

Аталған сыйлық адал қызметі, кәсібилігі және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқаны үшін беріледі. Мадали Икрамов – құқық қорғау жүйесіне халықтың сенімін нығайтатын, адал еңбегімен көзге түскен азаматтардың жарқын үлгісі ретінде танылды.

Марапаттау рәсіміне білім беру, денсаулық сақтау, әскер, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Бұл шара елімізді күн сайын нығайтып жүрген қарапайым, бірақ елжанды азаматтардың еңбегіне деген құрметтің айғағы болды.

Мадали Тимурұлы – ішкі істер органдарының жас қызметкерлері үшін үлгі болатын тұлға. Ол өз ісіне деген адалдығымен және Отанға деген сүйіспеншілігімен қандай да болсын еңбек еленетінін дәлелдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру