Тәртіп тыныштықтан басталады: учаскелік инспектордың күнделікті қызметі
Абай облысында тұрғындармен тығыз байланыс орнатқан учаскелік инспектордың күнделікті қызметі жайлы Polisia.kz. сайты ақпарат ұсынады.
Ерсұлтан Бөлеухановқа азаматтар арқа сүйейді. Бұл сенім — жай формалдылық емес, полиция мен халық арасындағы шынайы байланыс.
Ол қызметке ерте келеді — қала енді ғана оянып жатқанда. Біреулер үшін күн кофе мен үйреншікті істерден басталса, учаскелік инспектор үшін ол өз аумағына, адамдарға және олардың қауіпсіздігіне деген жауапкершіліктен басталады.
Ерсултан Бөлеуханов полиция қатарында 2016 жылдан бері қызмет етеді. Осы уақыт ішінде ол көп нәрсені көрді, әрі олардың бәрін ашық айту мүмкін емес. Отбасылық жанжалдар да болды, ауыр оқиғалар да, жадында із қалдырған жағдайлар да аз емес. Он жыл ішіндегі оқиғалар тізімі өте ұзақ, әрі олардың әрқайсысы бір нәрсені үйретеді: қызмет адамның өмірге деген көзқарасын өзгертеді.
Одан кейін өмірге жеңіл-желпі қарамайсың. Қай жерде дер кезінде болу керегін, қай сәтте кешігу қайғыға әкелуі мүмкін екенін тереңірек түсінесің. Учаскелік инспектордың еңбегі көбіне көзге көріне бермейді.
Оның жұмысы кесте бойынша жүрмейді. Ол тәулік бойы тоқтаусыз қызметте. Жұмыста Ерсултан есепте тұрған азаматтарды аралап шығады. Тұрмыстық ахуалын, жағдайын, алаңдататын белгілер бар-жоғын тексереді.
Сондай-ақ қару иелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Себебі мұнда тәртіп пен жауапкершілік аса маңызды. Сонымен қатар азаматтардың өтініштері бар яғни қоңыраулар, хабарламалар, өтініштер, сұрақтар. Және олардың басым бөлігі шұғыл әрекетті талап етеді.
Ерсұлтан мүмкіндігінше тез жетуге, қажет кезде жанынан табылуға тырысады. Учаскеде жасы үлкен адамдар да бар, оларға кейде полициядан гөрі тұрмыстық көмек қажет сияқты. Олар хабарласып, дүкенге барып келуді, азық-түлік әкелуді сұрайды. Ол мұның тікелей қызметтік міндетіне кірмейтінін біледі. Бірақ тұрғындар оған сеніп артып, арқа сүйейді.
Кейде қарапайым адамгершілік қамқорлық кез келген қатаң шарадан да көбірек нәтижеге жеткізеді. Кешке қарай шаршау соншалық, үйге келгенде бар болғаны жатып, тынығу ғана қалады. Бірақ таңертең бәрі қайта басталады. Учаске, тұрғындар, өтініштер, жауапкершілік.
Көбіне көзге көрінбейтін қызмет тыныштық сақталуы тиіс сәттерде жұмыс істейді. Ерсұлтан жай ғана өз жұмысын жақсы көреді. Жастайынан пайдалы болуды, адамға, қоғамға, мемлекетке қызмет етуді қалаған. Ал қазір ол мұны күн сайын жай сөздермен емес, іспен дәлелдейді.
