Тас жолда апаттық жағдай туғызған Ақмола тұрғыны жауапқа тартылды
Тас жолда автокөліктер легінен шығып, апаттық жағдай туғызған Ақмола тұрғыны жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қаңтарда Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде полиция қызметкерлері жұртшылықтан автокөлік иелері қарсы жолаққа шыққан минивэн жүргізушісін жауапқа тартуды сұраған постты тапты. Белгілі болғандай, азаматтардың өздері құқық бұзушыны тоқтатқан, алайда ер адам басқа жүргізушілердің наразылығына жауап бермей, қозғалысты жалғастырған.
Автокөлік туралы мәліметтер дереу патрульдік полиция батальонының барлық экипаждарына берілді және минивэн иесінің жеке басы анықталды. Ол Ақмола облысы Целиноград ауданының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Бірнеше сағаттан кейін сол автожолда құқық бұзушы ұсталды.
Оқиғаның мән-жайын анықтаған кезде құқық қорғау органдары 8 қаңтарда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 150 көлік құралының легін ілестіріп жүргенде, жоғарыда аталған автокөліктің жүргізушісі көліктер легінде белгіленген қауіпсіздік талаптарын бұзғанын, басып озу маневрін жасағанын, соның салдарынан авариялық жағдай туғызғанын анықтады.
Қазіргі уақытта жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынады.