Тас жолда қараусыз жайылып жүрген бұзаулар анықталды
Павлодар облысының тас жолында қараусыз жайылып жүрген бұзаулар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Иесіз жайылып жатқан мал мәселесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып отыр. Мал иелерінің ұқыпсыз қарым-қатынасы көбінесе қайғылы салдарға әкеледі. Мал көбінесе жол-көлік оқиғаларына, сондай-ақ зиянкестердің қылмыстық әрекетіне себеп болады.
Сондықтан, мал ұрлығының алдын алу, сондай-ақ оның қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен автожолдарда және жазғы жайылымдарда иесіз жайылып жүрген малды анықтау бойынша тұрақты негізде рейдтер жүргізіледі, – деді Тереңкөл ауданының ПБ бастығы Арман Кәрімов.
Сонымен, 2020 жылдың 1 қыркүйегінде құқықтық тәртіп сақшыларымен рейдтік тексеру барысында «Омбы-Майқапшағай» тас жолының бойында қараусыз жайылып жүрген тоғыз бас ІҚМ және орман алқабында бақылаусыз жайылып жүрген үш бұзау анықталды.
– Полиция қызметкерлері қысқа мерзімде 60 жастағы бақташы мен бұзау иесін анықтады. Олардың әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік материалдар жасалып, ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды, – деп атап өтті Арман Кәрімов.
Құрметті мал бастарының иелері! Малды айдаған кезде оны қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе автомобиль жолдарының жанында, өйткені сіздің бейқамдығыңыз бойынша адамдар қайтыс болады, балалар ата-анасыз қалады, ал ата-аналар ұлдары мен қыздарын жоғалтады!
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес мал ұрлығы үшін жауапкершілік қатаңдатылғанын еске саламыз. ҚР ҚК 188-1-бабына сәйкес (Мал ұрлығы) кінәлі 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.