Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тас жолда жеңіл көлікті игере алмаған жүргізуші автобуспен соқтығысты

Ақтөбе облысының тас жолында сырғанап кеткен жеңіл көлік жолаушылары автобусына соғылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылы 19 желтоқсанда сағат 11.00 шамасында «Ақтөбе – Астрахань» республикалық маңызы бар тас жолының 18 км-де «Санионг» маркалы көлік жүргізушісі жол қозғалысының 10.1 ережесін бұзып, жол ауа райының жағдайын ескермей, тас жолдың тайғақ учаскесінде сырғанап кетіп, қарама қарсы келе жатқан «ПАЗ 3254» маркалы автобуспен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Санионг» көлік жүргізушісі және автобустың 11 жолаушысы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлік көмек көрсетілді, жолаушылар қаралған соң үйлеріне жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру