Тас жолдағы автокөліктен полиция 34 кг гашиш тапты
Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
- Жамбыл облысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолында автокөлік тоқтатылды. Онда екі азамат болған. Қызметтік иттің көмегімен көлікті тексеру барысында есік жақтауларында және багаж бөлігінде гашиш салынған 35 орам табылды. Оның жалпы салмағы 34 кг құрайды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.