Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тас жолдарда жануарлардың муляждары орнатылуда

Маңғыстау облысының тас жолдарында түйелер мен жылқылар бейнеленген муляждар орнатылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті өңірдегі жол-көлік оқиғалары бойынша статистиканы зерделеп, олардың туындауының негізгі себептері  көлік жүргізушілерінің белгіленген жылдамдықты асыруы және малдардың тас жолдардың бойында қараусыз жайылуы деген қорытындыға келді. Нәтижесінде республикалық және жергілікті маңызы бар тас жолдардың ең қауіпті учаскелерінде үй жануарларының муляждарын орнату туралы шешім қабылданды.

– Үй жануарларының кескіні егжей-тегжейлі дәл суреттелген , олар алыстан тірі үй жануарларына ұқсайды. Жүргізушілер жақындаған кезде ғана олардың қарапайым макет екенін түсінеді. Аталмыш кескіндер жылдамдық азайтылуы тиіс жолдың қауіпті учаскелеріне орнатылуда, –  деп атап өтті Департамент бастығы Ж.Бақтыбаев.

Қазіргі таңда Ақтау-Жетібай, Жетібай-Шетпе, Шетпе-Сайөтес, Сайөтес-Бейнеу, Жетібай-Жаңаөзен, Ақтау-Құрық және Бейнеу-Боранқұл бағытындағы тас жолдарда 13 үй жануарының муляжы орнатылды. Сонымен қатар, оларға қосымша жарық шағылыстырғыш белгілер де қойылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыс 29 желтоқсанда басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру