«Тасымалдаушы» ЖПІШ: СҚО-да полиция 222 құқық бұзушылықты анықтады
СҚО-да полицейлер жолаушыларды тасымалдаушылардың тарапынан жіберілетін бұзушылықтар туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жолаушылардың қауіпсіздігі – полицияның басты назарында. 14-16 қаңтар аралығында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Тәртіп сақшылары қоғамдық көліктер мен таксилерді тексерді.
Іс-шараның үш күнінде 222 құқық бұзушылық, оның ішінде 34 заңсыз тасымалдаушы анықталды. Сондай-ақ 8 адам такси қызметін көрсету мақсатында қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып тиіскені үшін жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасының 18 бұзушылығы және көлік құралдарын техникалық байқаудан өтпей пайдаланудың осынша бұзушылығы анықталды. Бұл тасымалдаушылар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар. Рейдтік іс-шара барысында қала маңындағы Қызылжар ауданында мас такси жүргізушісі анықталды.
Сонымен қатар көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланудың және маневр жасау ережелерінің – 38, жолаушыларды тасымалдау талаптарының 54 бұзушылығы анықталды (көбінесе жолаушылар қауіпсіздік белдігін тақпаған).
Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты – жол қозғалысы және тасымалдаушылардың қызметтерін пайдаланатын жолаушылардың қауіпсіздігін нығайту.