Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Тәтті жұп”: Астанада шоколад ұрлағандар әшкереленді

Астанада ұрлық жасаған жұп ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында полицейлер алдын ала келісіп әрекет еткен тұлғалар тобы жасаған ұрлықты әшкереледі. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында  29 жастағы ер адам сыбайласымен бірге дүкендердің бірінің сауда залынан 96 дана шоколад батондарын ұрлағаны анықталды.

Қылмыс нақты жоспармен жүзеге асырылған: алдымен күдіктілердің бірі дүкенге кіріп, батондарды пакетке салып, оны көзге түспейтін жерге тығып кеткен. Кейін екінші сыбайласы дайын пакетті алып, дүкеннен кедергісіз алып шыққан. Шоколад сатылып кеткен, келтірілген шығын шамамен 70 мың теңгені құрады. Алайда жоспар ұзаққа созылмады – бейнебақылау камералары арқылы күдіктілердің жеке тұлғасы анықталды.

Қазіргі таңда оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру