Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы полицейлері арнайы марапаттарға ие болды

Бүгінде Алматы полициясы гарнизонында 6 мыңнан астам адам бар. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне орай қызметінде жоғары көрсеткіштерге жеткен әрі өз ісінің кәсіби мамандары болып саналатын полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіп сақшыларына медальдар, Құрмет грамоталарын салтанатты түрде тапсырды.

– Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында біз қоғам қайраткерлерінің, мұғалімдердің, дәрігерлердің, сондай-ақ полицейлердің еңбегін атап өтеміз. Сіздер халықтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудасыздар, Алматыда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етесіздер. Ең бастысы, қала тұрғындары өздерінің қорғалғанын сезінуі керек. Ол үшін біз қажеттінің бәрін жасаймыз, – деді Б. Сағынтаев.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен, Алматы қаласы әкімінің өкімімен және ПД бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, кәсібилігі, қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін 200-ден астам қызметкер марапатталды.

– Тәуелсіздік мерекесі – үлкен күш-жігердің арқасында осы ұзақ мерзімді құндылыққа қол жеткізген адамдардың көптеген ұрпақтарына құрмет. Біздің алдымызда тиісті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұл біздің конституциялық және кәсіби парызымыз және оны жоғары ұйымдастырушылық және сапалы деңгейде орындау – департамент органдары мен бөлімшелерінің барлық қызметкерлерінің құрметті міндеті, – деп атап өтті Алматы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Өкінішке орай, осы жылдар ішінде қылмыспен күресте 78 алматылық полицей қаза тапты. Олар Отан алдындағы борышын ерлікпен және адал орындады. Олардың батылдығы мен батырлығы құрметке лайық және еліміздің болашағы үшін қызмет ететін барлық полиция қызметкерлеріне үлгі болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру