Сотталғандар арасында Тәуелсіздік күніне орай іс-шара ұйымдастырылды
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД қарасты ОВ-156/21 түзеу мекемесінде Тәуелсіздік күніне орай сотталғандар арасында зияткерлік сайыс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сайыстың мақсаты – бас бостандығынан айыру мекемелерінде ұсталатын сотталған азаматшалардың таным деңгейін арттыру, білім көкжиегін кеңейту, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.
Сайыс талаптары бойынша топтарға бөлінген сотталған әйелдер еліміздің тәуелсіздік алған жылдарындағы жеткен жетістері туралы қабырға газетін дайындап, авторлық өлеңдерін оқыды.
Іс-шара қорытындысы бойынша сайыс жеңімпаздарына алғыс хаттар табыс етілді.