“Таза қала” іс-шарасы барысында 1 мыңнан астам шымкенттік жауапқа тартылды
Шымкентте “Таза қала” іс-шарасы барысында 1 мыңнан астам тұрғынға әкімшілік шара қолданылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкенттік полицейлер “Таза қала” профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейд жүргізуде.
Қаратау ауданы Полиция басқармасы ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларымен іс-шара барысында 1170 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.