Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Таза Қазақстан": Абай облысында экология талаптарын бұзған азаматтар жауапқа тартылды

Абай облысында экология талаптарын бұзған азаматтар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында қоғамдық тәртіп пен экологиялық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында республикалық "Таза Қазақстан" акциясы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын сақтау, инфрақұрылым объектілерін қорғау, жасыл желектер мен саябақтарды бұзбау – акцияның негізгі міндеттерінің бірі болып отыр.

Жыл басынан бері облыс аумағында жалпы 1262 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым объектілерін бүлдіру, жасыл екпелерді жоюдың – 1160 фактісі, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау – 102 фактісі анықталды.

Құқық бұзушылықтардың бір бөлігі жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы тіркеліп, құқық қорғау органдары тарапынан жедел шаралар қабылданды. Бұл қоғамдық тәртіпті сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру бағытында маңызды қадам болып табылады.

Абай облысының полиция департаменті азаматтарға экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Халыққа тазалық пен тәртіпті сақтау қажеттілігі, қоршаған ортаны қорғау мен санитарлық талаптарды орындаудың маңызы кеңінен түсіндіріледі.

"Таза Қазақстан" акциясы – тек құқық бұзушылықтарды анықтау емес, сонымен қатар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны сақтау мен қоғамдық абаттандыруға үлес қосу шарасы.

Полиция тұрғындар мен қонақтарды санитарлық нормаларды сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға және экологиялық жауапкершілік танытуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру