"Таза Қазақстан" акциясы: Абай облысында 8,5 мың құқық бұзушылық анықталды
Абай облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Акция аясында жыл басынан бері полицейлер экологиялық сипаттағы 8 558 құқық бұзушылықты анықтады.
Оның ішінде қалалар мен елді мекендердің аумақтарындағы экологиялық қағидаларды бұзу, инфрақұрылым нысандарын бүлдіру, көкмайсаны жою және бүлдіру, сондай-ақ қоғамдық орындарды ластау фактілері тіркелген.
Полицейлер құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Азаматтарға экологиялық нормаларды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, елді мекендерде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық рейдтер ұйымдастырылып жатыр.
Акция барысында эко мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған кездесулер, сенбіліктер мен ақпараттық түсіндіру жұмыстары өткізілуде.
Тәртіп сақшыларды тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға, қоғамдық орындарда тазалықты сақтауға және заң талаптарын бұзбауға шақырады.