Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Таза Қазақстан" акциясы аясында Астанада абаттандыру қағидаларын бұзу дерегі анықталды

"Таза Қазақстан" акциясы аясында Астанада абаттандыру қағидаларын бұзу дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақты криминогендік жағдайды қамтамасыз етумен қатар, қаланың абаттандырылуы, тазалығы және экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне де ерекше назар аударуда. Бұл жұмыстар республикалық экологиялық бастама — "Таза Қазақстан" акциясы аясында жүзеге асырылып келеді.

Полиция қызметкерлері тұрғындар мен ұйымдар арасында тұрақты түрде профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аумақтың санитарлық талаптарға сай күтіп-ұсталуы қағидаларын бұзу фактілерін анықтау және олардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауда.

Мәселен, полицейлер Таха Хусейн көшесі мекенжайында абаттандыру қағидаларының бұзылғанын анықтады. Көліктің дөңгелегін жөндеу аумағында пайдаланылған автокөлік шиналары арнайы белгіленбеген жерде жиналып, аумақтың санитарлық талаптарға сай күтіп-ұсталуына кедергі келтірген. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, мұндай қалдықтар уақытылы утилизациядан өткізілуі тиіс.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, онымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай шаралар ең алдымен қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және қала тазалығын сақтауға бағытталған.

Полиция елорда тұрғындары мен қонақтарын абаттандыру қағидаларын сақтауға, қоғамдық орындарды ластамауға және қаланың тазалығы мен тәртібін бірге сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру