"Таза Қазақстан" акциясы: полиция 11 мыңнан астам құқық бұзушылыққа тосқауыл қойды
Түркістан облысында "Таза Қазақстан" акциясы аясында полицейлер 11 мыңнан астам құқық бұзушылыққа тосқауыл қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында жергілікті полиция қызметінің полицейлері белгіленбеген орындарда қоқыс шығару, жалпы пайдалану орындарын абаттандыру және ластау қағидаларын бұзу жайттарының 11 440 дерегінің жолын кесті.
Оның ішінде жалпы пайдалану орындарын ластаған 9406 құқық бұзушы, абаттандыру ережелерін
бұзған 2034 тұрғынға шара көрілді.
Мәселен, Отырар ауданы аумағында орналасқан қоқыс полигонын тексеру кезінде сыртқы жазық далада коммуналдық қалдықтар шашылып жатқаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты құжаттар жинақталып, тиісті шара көру үшін экология департаментіне жолданды.
Бұл шара - "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында заңнаманы бұзу фактілеріне тосқауыл болуға, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған.