"Таза Қазақстан" акциясы: СҚО полицейлері 6 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады
СҚО полицейлері "Таза Қазақстан" акциясы барысында 6 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс аудандарында 77 мобильді тобының құрамында жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері заңсыз қоқыс тастайтын жерлерді анықтау бойынша жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің, экологтар мен облыс әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен жұмыс тобы құрылды.
Бүгінгі күні топтармен 94 рұқсат етілмеген жерге қалдық тастау дерегі анықталды. Ол ең көп - Қызылжар, Мамлют және Аққайың аудандарында (тиісінше 36, 19 және 14 заңсыз қоқыс тастайтын жерлер), сондай-ақ Петропавл аумағында 8 заңсыз қоқыс тастайтын жер бар.
Жергілікті атқарушы органдарға шаралар қабылдау үшін қажетті материалдар жіберіледі. Қазіргі уақытта облыс аумағында 31 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды.
- Қазірдің өзінде 800-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ акция барысында 5814 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 964 жалпы пайдаланудағы жерлерді ластау фактісі, ал 4850-і - абаттандыру ережелерін бұзу бойынша. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты - рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлердің "таралуын" тоқтатып қана қоймай, адамдардың арасында елді мекендер мен облыс табиғатының ластануына нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру, - дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.